Abstract:
Мақалада постиндустриялық экономикаға мамандарды даярлау кезінде туындайтын дəстүрлі білім
беру бағдарламаларының мəселелері сарапталды. Аталған мəселенің көбі Web 2.0. қолдану арқылы
шешімін табатыны көрсетілді. Инновациялық білім беру бағдарламаларын дайындау үшін Web 2.0
құралдарын қолданудың отандық жəне шетелдік тəжірибесі зерттелді, білім беруде Web 2.0
құралдары, сервистері мен технологиясы қарастырылды. Интеллектуалды білім беру ресурстарын
өңдеуге арналған Web 2.0 технологиясының мүмкіндіктері бағаланды.