Abstract:
Мақалада өсімдік құрамынан бөлініп алынған циклопропан сақинасы бар қосылыстар жəне химиялық
модификациялау жолымен құрамында хлор-, бром-, фторциклопропан сақинасы бар қосылыстарды
алу жолдары бойынша мағлұматтар келтірілген. Мұндай қосылыстарға əкелетін жолдардың бірі
галоциклопропандау реакциясы болып табылады. Табиғи терпеноидтар, алкалоидтар жəне стероидтар
негізінде алынған циклопропан сақинасы бар қосылыстардың биологиялық белсенділігі бойынша
мəліметтер келтірілген. Жүргізілген шолуға сəйкесті мұндай қосылыстардың көксіңге, вирусқа,
микробқа, ісікке, туберкулезге қарсы, Anti-Hiv-1, инсектицидті əсерлері бар екендігі анықталған.