Abstract:
Мақалада автожолдарды мүліктік объектілер ретінде жіктеудегі өзгерістерге байланысты автожол
саласын қаржыландыру жəне басқару жүйесін реформалау ерекшеліктері қарастырылған. Еуропалық
елдердің жол желісін жəне көлік инфрақұрылымын дамытудағы тəжірибесі талданған. Батыс
Еуропада жол құрылысының орташа құны анықталған. Авторлар автожол саласының негізгі
проблемаларын анықтаған: толықтай қаржыланбау, қазіргі заманғы нормативтік базаның болмауы,
жаңа технологиялар мен инновациялардың нашар іске асуы, білікті кадрлар жетіспеушілігі жəне
басқалар. Авторлар автожол саласын қаржыландырудың қолданыстағы тетіктерінің ең танымал жəне
тиімдісі жол қоры екендігін көрсеткен. Жолдарды салудың негізгі ақшалай түсімдерінің көзі салықтар
болып табылады. Мақалада дамыған елдерде қолданылатын жол пайдаланушыларынан жиі алынатын
салықтар мен алымдар қарастырылған. Авторлар инфрақұрылымдық жобаларды облигация арқылы
қаржыландырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаған. Қытай мен Үндістандағы көлік
инфрақұрылымын дамытуда мемлекеттік-жеке меншік əріптестік жобаларына көп көңіл бөлінген.
Жол инфрақұрылымы саласында мемлекеттік-жекеменшік əріптестік жобаларының кең таралған жəне
кеңінен қолданылатын нысаны концессия нысаны болып табылады. Авторлар кеңінен таралған
концессиялық модельдерді көрсеткен. Халықаралық тəжірибені есепке ала отырып, жол секторын
қаржыландыру бойынша ұсыныстар берген.