Abstract:
Мақала елімізде қазіргі кезде көптеп дами бастаған жəне міндетті білім беруге өзіндік сапалы
ықпалын тигізетін, оқушылардың білімін арттыруға, зейінді дамытуға бағытталған қосымша білім
беру мекемелеріндегі еңбек ақы төлеу мəселесіне арналған. Бүгінгі күнде əрбір мұғалім қосымша
еңбек етуде, осы саладағы еңбегінің қаншалықты дұрыс бағаланатыны жəне шет елдерде осы мəселе
қалай шешілгеніне басты назар аудара отырып, еліміздің енді ғана қарқындап келе жатқан жаңа
қызмет түріне қаншалықты мөлшерде жəне қандай тəсілмен еңбек ақы төлеу қажеттілігін анықтаудың
теориялық жақтары осы мақалада көрініс алады. Еуропа елдердегі білім беру саласында жұмыс
істейтін қызметкерлердің еңбек ақысы қазақстандық еңбек ақымен салыстырыла талдау жасалған,
сонымен қатар еліміздегі білім беру саласының мұғалімінің еңбек ақысы орташа мемлекеттік еңбек
ақымен салыстырылған. Елімізде туындап отырған мəселе – білім беру саласының қызметкерлерінің
еңбегін тиімді бағалап, ынталандыру шараларын енгізу қажеттілігі. Қосымша білім беру орталығы
мысалында осы жерде жұмыс істейтін оқытушылардың еңбек ақысына талдау жасап, еңбек ақы төлеу
жəне есептеуді жетілдіру бағыттары анықталған. Ұсынылған тəсіл елдегі қосымша білім беру
саласында ғана емес жалпы білім беру саласының тиімділігін арттыруға, білім алушыларға сапалы
қызмет көрсетуге негіз бола алады.