Abstract:
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметінің қалыптасу кезеңдері қарастырылды. Авторлар М.Шоқай туралы жазылған отандық тарихтағы еңбектерге сүйене отырып, ұлт күрескерінің саяси көзқарастарының қалыптасуына əсер еткен тарихи оқиғаларды талдайды. Авторлар қайраткердің ұлт-азаттық күрес жолындағы жүргізген еңбектеріне тоқтала отырып, оның еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясының мазмұнын ашуға тырысады. Мұстафа Шоқайдың шетелдегі эмиграцияда жүрген кезеңдегі атқарған қоғамдық қызметін көрсете отырып, оның сол кезде «Яш Түркістан» жəне басқа да басылымдарда жарық көрген еңбектеріне тоқталады, талдайды. ХХ ғасырдың басында Түркістан өлкесінде қалыптасқан жəдидшілдік қозғалысының М.Шоқайдың саяси көзқарастарына жасаған ықпалын да айтып өтеді. Қоғам қайраткерінің еңбектеріне талдау жасай отырып, ондағы көтерілген басты мəселелерді анықтайды.