Abstract:
Мақалада Надырбай кен орынынан алынған кварц минералының электрогидравликалық əдіспен
өңдеуге дейінгі жəне өңдеуден кейінгі элементтік құрамына талдау жүргізілді. Сонымен қатар табиғи
кварц минералының микроқұрылымдық бейнесі зерттелді. Геологиялық комитеттің мəліметтері
бойынша, Надырбай кен орынының кварц минералдың элементтік құрамы зерттелмеген. Зерттеу
нəтижелері бойынша бұл кварц минералын қосымша өңдеу жұмыстарынсыз өндіріс орындарында
қолдануға болатындығы анықталды.