Abstract:
Мақалада 1930–1941 жж. Кеңес Одағының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты зерттелген.
Осы кезеңде экономикада белгілі жетістіктерге жеткен КСРО-ның белсенді сыртқы саясат жүргізуіне
жағдай қалыптасқаны көрсетілді. Көптеген деректерге сүйеніп, автор Кеңес Одағының 1930–1941 жж.
халықаралық аренада агрессиялық саясат жүргізіп, өзіне жаңа территориялар қосып алғанын,
фашистік Германиямен 10 жылдық пактіге қол қойып, Еуропаны бөліске салғанын жəне екі
державаның осы саясаты II Дүниежүзілік соғыстың басталуына əкеп соққанын дəлелдейді. Осындай
саясатқа байланысты Кеңес Одағының экономикасында да өз ерекшелігі байқалды, кеңестік
экономикада милитаризациялау қадамдары анық көріне бастады, бұл жағдай КСРО халықтарының
əлеуметтік жағдайының нашарлауына əкеп соқты.