Abstract:
Мақалада Феррелл-Прейндж теориясы аясында Джозефсон типті асқын өткізгіш ангармоникалық
нанотүйіспелерге сыртқы əлсіз магнит өрісінің əсері қарастырылған. Ангармоникалық
нанотүйіспелердегі фазалар айырымы x, асқын өткізгіштік ток s I x жəне магнит өрісінің H x
координаталық тəуелділіктері анықталған. Енгізілген ангармонизм параметрі өскенде фазалар
айырымын x сипаттайтын шама жылдам төмендейтіндігі, ал магнит өрісінің нанотүйіспеге ену
тереңдігі кемитіндігі көрсетілген. Қарастырылып отырған нанотүйіспелер асқын өткізгіш
гармоникалық əлсіз байланыстармен салыстырғанда сыртқы əлсіз магнит өрісімен баяу (пассивті)
əсер ететіндігі көрсетілген.