Abstract:
Мақалада қазақтардың дəстүрлі мəдениетіндегі кейбір отбасылық əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлерге
талдау жасалды, олардың отбасылық қатынастардағы орны анықталды. Қазақ отбасында баланың
дүниеге келіп, ержеткенге дейінгі аралықтағы оған қатысты əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлер
талданды. Авторлар қазір ұмытылған «жарыс қазан», «құрсақ шашу», «қызды оң жаққа шығару»
сияқты дəстүрлерді жан-жақты қарастырды. Одан əрі қазақтардағы көне салт-дəстүрінің бірі —
жерлеу салты зерттеліп, жерлеу əдет-ғұрпы аралас болатындығы, яғни онда исламдық та, тəңірлік те
əдет-ғұрыптар кездесетіндігіне, назар аударылады.