Abstract:
Мақалада қазіргі заманғы жағдайда кəсіпорынның инвестициялық тартымдылығын дамытудың
нарықтық механизмдері қарастырылды. Авторлар «кəсіпорынның инвестициялық тартымдылығы»
тұжырымдамасының түрлі түсіндірмелерін қорытындылаған, осыған байланысты тəуекелдерге жəне
табыстылыққа байланысты кəсіпорындарды инвестициялауға қойылатын талаптарды анықтаған.
Негізгі капиталға салынған инвестициялық ресурстар Қазақстан Республикасының кəсіпорындарының
көлеміне қарай талданған. Авторлар инвестиция қаражатын инвестициялаудың төменгі тəуекелдері
бар шағын кəсіпорындарға инвестициялаудың нəтижесінде жоғары пайда алу мүмкіндігін анықтаған.
Мақалада Қазақстан Республикасы экономикасының секторлары бойынша негізгі капиталға салынған
инвестицияларға көңіл бөлінген. Инвестицияның тиімділігі инвестициялық тартымдылықты,
ал инвестициялық тартымдылық бұл бүкіл кəсіпорынның инвестициялық қызметін айқындайтыны
көрсетілген. Инвестициялық тартымдылық бағалау əдістері келесі топтарға жіктелген: кəсіпорынның
қаржылық көрсеткіштерін анықтауға негізделген əдістер; өндірістік əлеуетті анықтауға, басқару
сапасына, сыртқы ортаны бағалауға негізделген əдістер; акциялардың тартымдылығының
көрсеткіштеріне негізделген əдістер; кешендік бағалау əдістері; салыстырмалы бағалау əдістері;
құнды бағалау əдістері. Авторлардың ойынша, инвестициялық тартымдылық деңгейін анықтау үшін
статистикалық жəне сараптамалық ақпарат қажет, оның негізінде бағалау талаптары бірыңғай немесе
кешенді түрде қалыптастырылады. Кəсіпорынның иелері мен менеджменті үшін басқару объектісі
болып табылатын инвестициялық тартымдылықты бағалау бойынша басты ұсыныстар берген.