Abstract:
Мақалада ауылдық аумақтардың тұрақты жұмыс істеуін ұйымдық басқару ерекшеліктері
қарастырылған, себебі олар ұйымдастырушылық əлеует арқылы нарықтық талаптарға сəйкес бола
алады. Ұйымдастырушылық əлеует құрылымдарын қалыптастыруды зерттеуге басты назар
аударылған: бірқалыпты жəне өзгермелі тəсілдемелер. Автор «ұйымдастырушылық əлеует»
ұғымының түрлі түсіндірмелерін талдады. Мақалада ұйымдық əлеует тұжырымдамасы құндылықтар
жүйесін, персоналды, құрылымды, ақпаратты, үдерістерді, рəсімдемелерді қамтитыны баяндалған.
Сондай-ақ ұйымдық əлеуеттің қызметтерін топтастырып жүйелеген: құрылымдық, интеграциялық,
тұрақтылық, коммуникативтік, бейімдеу жəне дамыту. Агроөнеркəсіптік аумақтардағы əлеуетті өсіру
үшін қолданылатын салада қалыптасқан негізгі факторлар сипатталған. Мақалада агроөнеркəсіптік
кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңға сəйкес ұйымдастыру
қағидаттары қарастырылған. Автор ауылдық жерлердегі ұйымдастыру əлеуетінің негізі болып
табылатын ресурстардың жиынтығын (қаржылық, жер, табиғи, еңбек, ақпарат) анықтаған. Мақалада
ауылдағы тұрақты даму əлеуетінің бөліктері анықталған: қаржылық, өндірістік, еңбек жəне
ақпараттық əлеует. 2017–2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Агроөнеркəсіптік
кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудағы рөлі
анықталған. Авторлар ауылдық аумақтардағы ұйымдастыру əлеуетін дамыту бойынша бірқатар
ұсыныстар берген.