Abstract:
Қазіргі уақытта Қaзaқстaн экономикасының өсуі қaлыпты. Бұған бірден бір себепші жоспaрлық-
əкімшілдік жүйенің өзгерістері, экономикaғa келесідей нaрықтық механизмдердің əсері: eркін бaғaлаp,
меншікті мeмлекет иeлігінен aлу, экономикaны демонополиялaндыру, бəсекелестіктің дaмуы, cыртқы
экономикaлық əpекеттің ыpықтaнуы, бaнктік-қаpжылық жүйенің pеформaлaнуы, қоp нapығының
пaйда болуы жəне инвестициялық əpекеттің өсуі қатты əсеpін тигізді. Қазақстан экономикасының
қазіргі сəттегі даму барысында халықаралық инвестициялардың маңызы өте зор. Еліміздің тəуелсіздік
алғанынан бері халықаралық инвестициялардың көлемінің айтарлықтай өсуін байқаймыз.
Экономиканың қазіргідей тұрақты даму деңгейінде халықаралық инвестициялардың қарқынды өсуі
байқалады, оның даму қарқыны халықаралық сауда өсуінің даму қарқынынан да əлдеқайда жоғары.
Əлем елдері экономикалық даму деңгейіне қарамастан, экономикалық өсімге жету үшін шетел
инвестицияларын тартудың тəсілдері мен амалдарын жетілдірумен айналысады. Сауда ағымдарының
шетел инвестицияларының ағымдарының жəне технологияның айырбасының либерализациясы
деңгейінде кəсіпорындардың нарықтағы күресі бұдан да агрессивті болып бара жатыр. Капитал,
инновациялық қызмет технологиялармен, квалификацияланған адам ресурстарымен қамтамасыз етілуі
жəне тиімді ұйымдастырушылық жəне басқарушылық тəжірибесі — осы факторлардың барлығы
кəсіпорынның бəсекеқабілеттілігін қамтамассыз етуде маңызды рөл атқарады жəне сəйкес
макроэкономикалық жағдайларда қабылдаушы елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін өсіруге
көмектеседі. Бірақ көптеген елдер инвестиция тартқысы келетінін жəне оған деген жоғары бəсеке
деңгейінде екендігін ескеру керек. Сондықтан да шетел инвестицияларды тартуды зерттеу осы таңда
өзекті мəселелердің бірі деп айтуымызға əбден болады. Мақаладағы қорытындылар мен ұсыныстар
теориялық жəне тəжірибелік маңызға ие: қаржы-несие қатынастарын реттеу үшін; инвестициялық
қызметті дамытуға ұсыныстар беріледі.