Abstract:
Мақалада еліміздің дамыған елдердің санатында болуы үшін білім саласында да үлкен реформалар
жүргізілуі қарастырылды. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру
реформасы — Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық жəне қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін
осы заманғы білім беру жүйесі қажет», — деп ерекше атап көрсетті. Мемлекеттік қоғамдық сипатта
білім жүйесін басқару — өзінің кəсіби жеке қызметіне енді аяқ басқан тұлға, қағидалар, педагогиканы
басқару жүйесінің маңызы туралы толық ақпаратты білу өте маңызды. Бұл, ең алдымен, мектептің
жұмыс серпініне енуге, оның жүйелендірілуінің негізгі тетігін, басшылықпен, мұғалім əріптестермен,
оқушы, ата-аналармен жоғарғы деңгейдегі қарым-қатынас ұстауға көмектеседі.