Abstract:
Мақалада оқырман қауым көптеген афоризмдер кездестіретін ұлы Абайдың философиялық-сындарлы
жəне моральдік тұрғыдағы «Қара сөздеріне» басты көңіл аударылған. Бұл данышпан жəне ұғымды
афоризм сөздердің қазақ əдебиетіне көптен бері енгені көрсетілген. Ойшыл ғалымның философиялық-
моральдік, қоғамдық-публицистикалық жəне əжуа-сатиралық сөздерін оның «Қара сөздеріне»
жатқызуға болатын жанрды ойлап табу қиын екендігі айтылған. Оқырман қауымның көзқарасын
алдын ала біле отырып, олардың күнделікті қолданатын тілімен оларға түсінікті етіп, өзінің көптеген
өткір жəне терең ойларын проза түрінде жеткізе білгендігі туралы қорытынды жасалған.