Abstract:
Мақалада ХV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары қарастырылған.
Қазақ халқының жекелеген бөліктерінің əр түрлі мемлекеттердің құрамында саяси бытыраңқылығын
жоюға ұмтылыс жасау қазақтың алғашқы хандары — Керей мен Жəнібек үлесіне тигені айтылған.
Қазақ рулары мен тайпаларының жаңа мемлекет — Қазақ хандығы — құрамына бірігуі күрделі
болғаны көрсетілген. Қазақ хандығының қалыптасуы, оның ішкі дамуы, өзіндік құндылықтар жүйесі,
халықтың ерекше ұлттық сипаты беріктілік сынына талай рет түскендігі туралы қорытынды жасалған.
Сөз жəне ой-пікір бостандығы мүмкін болған қазіргі тəуелсіз Қазақстан жағдайында көрнекті
хандардың, соның ішінде қазақ жүздерінің соңғы ханы — Абылай ханның немересі — Кенесары
Қасымовтың ұмыт болған есімдері қайта жаңғырғаны дəлелденген.