Abstract:
Мақалада өндірістік тозаңдар мен дірілдердің əсерінен бейімдік-компенсаторлық механизмдер мен
өзіндік патологияның қалыптасуы кезіндегі жасушалық метаболизмді талдау бойынша əдебиеттік
шолу ұсынылған. Ағзадағы еркін-радикалдық үдерістердің реттелуінің бұзылуы, осы үдерістегі
оттегінің белсенді түрлерінің рөлі, сонымен қатар биожарғақшалардың маңызды құрылымдық
түзілістері болып қана емес, сонымен бірге жасушаның əр түрлі арнайы үдерістерінің маңызды
биоэффекторлары, реттеушілері жəне медиаторлары болып табылатын фосфолипидтердің өзгеру
тетігіне талдау жасалды. ЛАТ үдерістерінің қарқындылығы дірілдік пневмокониоз ауруының даму
қауіптілігінің маркерінің бірі бола алатындығы көрсетілген.