Abstract:
Мақалада ірі тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі суреттелген. Қазақтардың
1837–1847 жылдары Ресей патшалығына қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған күрес туралы
шындықты айтуға ұмтылыс жасағаны үшін қудаланған отан сүйгіш, ұлтжандылар қатарынан құрметті
орын алатын Бекмаханов туралы айрықша айтылған. Отанымыздың ұлтжанды азаматы
Бекмахановтың өзінің айбынды рухымен тəуелсіз Қазақстанға қазірге дейін қызмет атқарып отырғаны
көрсетілген. Шынайы тарихты Ермұхан Бекмаханов секілді ғылымға шын берілген ғалымдар
жасайтындығы туралы қорытынды жасалған.