Abstract:
Мақалада ХХ ғасырдың 60–80 жж. шалғай ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін зерттеу мақсаты қойылған. Сонымен қатар зерттеу жұмысын ауыл тұрғындарының жадында сақталған ақпараттар
арқылы жүргізу тарихшыға күнделікті тұрмысты біршама толық сезінуге мүмкіндік беретіні атап
өтілді. Автор оқырманды ауыл жағдайымен, яғни, табиғи-климаттық орнымен, шаруашылығымен,
айналысқан кəсібімен, əлеуметтік құрылымымен, саяси билікпен, өзін-өзі ұстау тəртібімен,
дүниетанымымен, неке, жұмыс, қызмет, демалу, күйкі-тірлік, қарым-қатынас жəне т.б. таныстырады.
Болашақта ол əр түрлі жастағы ауыл тұрғындарымен өмірді, дінді, ауыз əдебиетін, дəстүрді жəне т.б.
қабылдауын, атқаруын, сақтауын зерттеуді қолға алмақ