Abstract:
Мақалада қазақтың тарихи тұлғалары мен олардың шешендік мұраларын құрметтеуге үндейтін мəселе
қарастырылған. Қазақтың əйгілі би-шешендерінің арасында Қаракесек Қараменде бидің алатын орны
дəлелді түрде көрсетілген. Автор би-шешендердің өнерін жас ұрпаққа ғибрат берер мəселе түрінде
қозғайды. XVII–XVIII ғасырларда өмір сүрген би-шешендер ел бірлігіне, қазақ елін жоңғарлардан
қорғауға атсалысты. Өздерінің шешендік сөздерімен, əділ биліктерімен халыққа танылды. Солардың
арасында осы мақалаға арқау болып отырған Қараменде де болды. Оның айтқан қорытынды сөзінің
сол замандағы маңыздылығы жан-жақты ашып көрсетілген.