Abstract:
Мақалада əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша халықаралық-құқықтық нормалардың даму тарихы көрсетілген. Автор əйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылық əрбір құрлықта, əрбір елде жəне мəдени ортада шешімін таба алмай отырған мəселе болып қала беретініне назар аударады. Таралу көлемінің артуына байланысты əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мəселесі бүгінгі күнде
халықаралық деңгейде маңыздылыққа ие болып отырғанын атап өтеді. Зерттеудің мақсаты əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың халықаралық-құқықтық тəжірибесін зерттеу болып табылады. Бұл мақсатқа қолжеткізу үшін əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау институтын халықаралық-құқық аясында қарастыра отырып, оның қызметін, мақсаттары мен əдістерін анықтау міндеттері қойылып
отыр.