Abstract:
Мақалада маркетингтік коммуникация жиынтығындағы маңызды компоненттердің бірден бірі —
жарнама, сондай-ақ коммуникация нысандарынан ерекшелігі — оның дөрекі сипаты, ақылылығы
жəне тапсырыс берушіні анықтау нақтылығы бар екендігі айтылған. Автордың ҚазХҚжƏТУ
Стратегиялық даму мен мониторинг басқарма құрылымындағы коммуникациялық қызмет тəжірибесі
көрсетілген. Жарнаманың экономикалық қызмет түрі мен əлеуметтік-мəдени тəртіп түрі ретінде
қалыптасуы Қазақстан Республикасында бірнеше тізбектік кезеңдер арқылы есептелген. Бүгінгі
таңдағы жарнама өзгешеліктері сараланған, мақсаттардың түрлері жəне жарнама нарығының
сегменттері: теледидарлық, бұқаралық ақпарат құралдардағы жарнама, сыртқы жарнама нарығы,
радиожарнама, Интернет-жарнама. Негізгі жарнаманың аргументтері бірнеше топқа
класификацияланып зерттелген. Жарнаманы таратудағы құралдарды таңдау оның мақсаты мен
міндеттерін анықтау негізінде жəне жарнамаға деген бюджетті ескере отырып, жүзеге асырылады.
Автормен білім беру мекемесі үшін жарнама кампаниясын əзірлеген кезде нақтылы тізбектілік
əрекеттері ұсынылған жəне маркетингтік күнтізбелік жоспар белсенділіктері əзірленген. Жарнаманы
беру бағасы жайлы сұрақтар түсіндірілген, оның сауда жəне коммуникативтік нəтижелілігі
көрсетілген.