Abstract:
Мақала Таяу Шығыстағы араб елдеріндегі əлеуметтік-саяси үдерістерде исламның рөлін зерттеуге
арналған. Сондай-ақ Таяу Шығыс аймағын қамтыған араб төңкерістерінің тарихи себептері мен
əлеуметтік-саяси алғышарттары зерттелді. Автор тарихи тұрғыдан араб елдерінің əлеуметтік-саяси
жəне идеологиялық дамуына талдау жасады. Сонымен қатар көптеген араб мемлекеттерінің
авторитарлық басқару үлгісінен либералды үлгіге өту барысындағы негізгі бағыттары мен үрдістерін
зерттеді. Сондай-ақ соңғы жылдарда орын алған маңызды саяси оқиғалар исламның араб елдеріндегі
саяси үдерісте алатын ерекше орнын айқындайды деген қорытындыға келді. Бүгінгі таңда ислам
əлемдік қоғамдастықтың геосаяси үдерістеріндегі ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Ислам факторы көптеген қазіргі заманғы əлеуметтік-саяси жəне экономикалық мəселелерді реттеу
мен шешу жолында ғана емес, сондай-ақ мемлекетаралық қарым-қатынастарға да зор ықпалын тигізіп
отыр.