Abstract:
Мақалада Қазақстанның сыртқы саудасының сыртқы жағдайы, халықаралық экономиканың даму
болашағы туралы мəселелер ашылған. Сыртқы сауда экономикалық өсудің факторы ретінде
экономиканың қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарады. Еуразиялық экономикалық одаққа
кіру ахуалы бойынша сұрақтар қарастырылған. Əлемдік сауда туралы деректер Қазақстанның негізгі
экспорттаушы ел екенін растайды, алайда ол бірқатар елдерден əлдеқайда артта қалып келе жатыр.
Бұл ретте Қазақстанның əлемдік экспорттағы экспорт үлесінің өсу қарқыны бойынша рейтингтегі
орныққан орны тұрақты емес. Соңғы он жылдықта (2003–2013) экспорттың құрамында күрделі
өзгерістер байқалмады. Қазақстанның сыртқы саудасында осы күнге дейін оң сальдо сақталып келеді.
2013 жылы ол сальдо 33,6 млрд долл. тең болды.