Abstract:
Мақалада ХХ ғасырдың 30-жж. Батыс Қазақстан облысының мерзімді баспасөзінде жарық көрген
мақалаларға талдау жасалды. Облыстық «Екпінді құрылыс», Орда аудандық «Жаңа жол» газеті, Жанғала аудандық «Социалды еңбек», Маңғыстау ауданының «Колхоз жолы», Жымпиты аудандық
«Қызыл Ту» газеттерінде жарияланған мақалаларды сараптай келе, автор сталиндік саясаттың осы басылымдарға жəне авторларына жасалған қысастық, қуғын-сүргінге нақтылай тоқталады. Мереш Даулетияров, Серікқали Жақыпов, Боран Айтмағамбетов, Əділбай Жылкелдин сияқты Батыс Қазақстанның
баспасөз тарихында орны бар қоғам қайраткерлерінің өмір тарихы мен себепсіз қудалаудың нəтижесінде осы азаматтардың тағдырының қилы заманға тап болғанын ашына жазды.