Abstract:
Мақалада тұлғаның шығармашылық қырларын тиімді қалыптастыру мəселелері қарастырылды. Түрлі
ғалымдар мен мамандардың аталған мəселе бойынша жүргізген нəтижелері көрсетілген, сонымен
қатар еңбекке баулу саласында техникалық шығармашылық сабақтары мен еңбекке дайындық
үдерісінде студенттерге политехникалық білім қалыптастыру мəселелері де зерттелген. Техникалық
қабілеттіліктерін дамытуға байланысты бірқатар психологиялық зерттеулер келтірілген. Бұйымдарды
құрастыру (модельдеу), манипуляциялық құрастыру, қысқартылған мəліметтері бар техникалық
құжаттама қолдану, шығармашылық тапсырмалар шешу, шығармашылық міндеттер орындау, бұрын
жасалған бұйымдарды өзгерте отырып, жұмысты қайта орындау, ойша эксперименттеу, техникалық
құралдарды, соның ішінде тренажерларды қолдана отырып, ақаулықтарды іздеу жəне жою секілді
үдерістер жататын бірқатар тиімді əдістер анықталған. Техникалық шығармашылық оқушылардың
техникалық ойлауын дамытуға оң жағдай туғызады деген қорытынды жасалады. Нəтижесінде
оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытудың əдіснамалық қағидалары анықталды.