Abstract:
Мақалада «Дизайн» мамандығында заманауи технологияларды білім мазмұнына ендірудің
педагогикалық-практикалық негіздері мен жүзеге асырылуы сұрақтары қарастырылды. Жеке тұлғаға
бағытталған жағдайында оқыту үрдісінде заманауи технологияларды пайдалануда педагогикалық
мақсаттар анықталды. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, құрылымына, оқу
материалының мазмұнына жəне оқу іс-əрекетін ұйымдастырудың талаптары айқындалды. Мамандық
пəндерінің мазмұнында жаңа технологияларды пайдалану базасында көркем мəдениет
ерекшеліктеріне назар аударылады. Көркем өнер, көркем мəдениет, көркемдік таным мен
шығармашылық білімнің дизайн өнеріндегі мəні ерекшеленді. Инновациялық технологияларды
ақпараттық бейіндегі мамандарды даярлау барысында қолдану мүмкіндігі сипатталған. Инновациялық
сабақтарды ұйымдастыру əдіс-тəсілдері мазмұндалды. Білім алушылардың көркем мəдениетін
қалыптастыруда проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер-ойындар,
ақпараттық технологияды қолдануға болады. Сондай-ақ тəжірибелік эксперимент жұмыстарының
қорытындысы берілген.