Abstract:
Мақала мазмұнында тұлғалық-бағдарланған қатынастың əмбебап, мінсіз процесс болып табылатынын
түсіндіруге мүмкіндік беретіндігі, ақпаратты алу жəне түрлендіру көзі, адамдар арасында
байланыстарды орнату жəне дамыту процесі болып табылатындығы ғылыми тұрғыдан негізделді.
Қатынас арқылы адамдар іс-əрекетінің əр түрлерін ұйымдастыру, тəжірибесімен, білімдерімен, еңбек
нəтижелерімен алмасу, өзара түсіністікке қолжеткізу, мақсатқа сəйкес əрекеттер бағдарламасын
жасау, бір-біріне өзара əсер ету мəселелері мен зерттеушілілердің көзқарастары қарастырылды.
Олардың қатынас мəнін өзара əрекетті, өзара түсіністікті, өзара əсерді қамтамасыз ететін, мақсатқа
бағытталған жəне ақпараттық-энергетикалық процестердің өзгеше жүйесі ретінде анықтауға
болатындығы тұжырымдалды.