ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ Конференция материалдарында Қазақстан Республикасының қазіргі даму сатысындағы интеграциялық үрдістер ауқымындағы ұлттық заңнаманы үйлестірудің мəселелеріне арналған ғылыми мақалалар ұсынылған. Конференция материалдарында қазақстандық заңнама тиімділігінің жалпы теориялық аспектілері мен практикалық мəселелері, сондай-ақ оны құқықтық жүйелердің интеграциясы мен конвергенциясы контекстінде одан əрі жетілдіру жолдары қарастырылады.