Abstract:
Мақалада ХVІІІ ғасырдың көрнекті қоғам қайраткері, жырауы, батыры Ақтамберді Сарыұлының өмірі мен қызметі суреттелген. Оның 1738–1752 жж. шетел басқыншыларымен болған шайқастарға қатысып, айрықша батылдық пен ерлік көрсетуімен ерекшеленгендігі айтылған. Оның шығармалары қазақ халқының
жоңғар басқыншыларымен күресін бейнелеуде елжандылық рухына толы екендігі туралы қорытынды жасалған. Ақтамберді жыраудың шығармаларында өмір, батырлық, адами
құндылықтар, моральдық нормалар туралы философиялық толғаулар, маңызды əлеуметтік мəселелер көтерілгендігі пайымдалған.