Abstract:
Мақалада ежелгі түркі бітіктас жырларындағы поэтикалық сөз өнерінің болмысын зерттеу басты нысан етіп алынған. Авторлар жыр мəтіндеріндегі лексикалық бірліктер мен сөз құбылту амалдарының
əдеби көркем əлем жасаудағы көрінісін, поэтикалық қызметін тілге тиек етті. Сол арқылы ежелгі түркі бітіктас жырларындағы сөз өнерінің көркемдік сипатын, поэтикалық ой мен сезімнің дəл де образды түрде берілуіне салыстырмалық тұрғыда талдаулар жасады. Сонымен қатар олар көне түркі жазба
ескерткіштерін қазіргі таңдағы жаңа ғылыми бағытта зерттеп, əдеби-теориялық
тұрғыдағы мəтінтану саласындағы лексикалық бірліктер мен образдылықты нақты берген.