Abstract:
Мақалада 1916 жылдың аяғында Ресей империясында сыртқы жəне ішкі жағдайларға байланысты
революциялық ахуал қалыптасқаны дəлелденді. Оның басты себептері ретінде мемлекеттегі саяси
дағдарыс халықтың əлеуметтік жағдайының нашарлауы, Ресейдің Дүниежүзілік соғысқа қатысуы,
елдегі ұлт-азаттық қозғалыс, самодержавие жəне оның үкіметінің дəрменсіздігі нақты көрсетілді.
Сонымен қатар автор, көптеген тарихи деректерге сүйеніп, Ақпан революциясының басталуын,
дамуын жəне жеңіспен аяқталуын, Ресейдегі самодержавиенің құлауын жəне буржуазиялық уақытша
үкіметінің билікке келіп, елде демократиялық процестерге жол ашқанын баяндайды. Ұсынылған
мақалада 1917 ж. Ресейдегі Ақпан революциясының тарихи маңызы объективтік түрде айшықталды.