Abstract:
Зерттеу мақсаты — көмір шаңы мен аз дозалы иондағыш сəуленің (0,2 Гр) кейінгі кезеңдегі əсеріне
ұшыраған жануарлардың иммунокомпетентті ағзаларында липидтердің асқын тотығының рөлін
анықтау. Бақылау жұмысы 3 топқа бөлінген Wistar қатарындағы 30 ақ аталық егеуқұйрықтарға
жүргізілді: I-топ — интактілі; II-топ — көмір шаңын жұтқан топ; III-топ — гамма-сəулесіне жəне
көмір шаңына шалдыққан топ. Тəжірибелік егеуқұйрықтарда эксперименттік антракозды модельдеу
үшін арнайы арналған шаң беретін камера қолданылды. III-топтағы жануарларды зерттеуге 90 күн
қалғанда чехиялық TERAGAM 60Сo («ISOTREND spol. s.r.o.», Чех Республикасы) атты
радиотерапевтік қондырғысымен 0,2 Гр дозада бір мезетте сəуле берілді. Сəулелеуге дейін
жануарларда топометриялы-дозиметриялық дайындық жұмысы жүргізілді. Ол үшін нысана «Теrasix»
(Чех Республикасы) симуляторының изоцентрикалы терапевті столына орналастырылды, ол өзінің
құрылымы жəне өлшемдері бойынша гамма-сəуле терапевті столына сəйкес келеді. Көмір шаңы жəне
радиацияның бірлесе əсері липидтердің гиперпероксидациясын тудыра отырып, неғұрлым тереңірек
ықпал көрсеткен. Көмір шаңы мен радиациялық фактордың ықпалынан ДК жəне МДА мөлшерлері
артып, оның есебінен зерттеу нысаналарында тотығу күйзелісінің еселене жүргені тіркелді.