Abstract:
Мақалада Шымкент қаласының территориясында орналасқан мұнай өңдеу зауыты территориясының,
техникалық қызмет көрсету бекеттерінің, автожағар-жанармай бекеттерінің жəне оларды қоршаған
ортаның флорасын зерттеу антропогендік ауытқу өсімдіктердің түрлік құрамының өзгеруіне əкелетіні айтылған. Зерттелген аймақтардағы фитоценоз құрамы келесідей болды: зауыт ішіндегі жəне санитарлық-қорғаныс аймақтарында 50 түрден, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС территориясындағы аса жоғары дəрежеде ластанған жерлері өндірістік аймақта байқалды. Осы территорияда өсетін өсімдіктер қауымдастығын үш ғана өсімдік түрі құрайды: қой тікен (Xanthium strumarium, оңтүстік қамысы (Phragmites australis) жəне сор ажырық (Cynodon dactylon). Мұнаймен ластануы зерттелген аймақтардың ішінде мұнайдың жеңіл жəне түссіз фракцияларымен ластанған жерлер
қаладағы техникалық қызмет көрсету бекеттері (ТҚБ) мен автожағар-жанармай бекеттерінің (АЖБ)
айналасында орын алатындығы белгілі болды. Зерттелген үчаскелердің көпшілігінде, өсімдіктерден
Друде шкаласы бойынша жаппай, жеткілікті мол жəне мол болып кездесетін сор ажырық (Cynodon
dactylon) жəне жатаған бөденешөп (Veronica arvensis). Олар көлеңкелі жəне ылғалды территориялардағы барлық өсімдіктер көлемінің 92–95 % құрайды. Мұнай жəне оның өнімдері өсімдіктерге
улаушы əсер ететін негізгі қауіпті экотоксиканттар болып саналады. Ластаушы факторлардың
тұрақты жəне ұзақмерізімді əсер етуі, өсімдіктердің түрлік құрамының өзгеруімен көрінетін,
фитоценоз құрылғысының бұзылуына əкеледі.