Abstract:
Мақалада мультимедиалық журналистиканың даму тенденциялары қарастырылған. Конвергентті
журналистика мен мультимедиалық журналистиканың ұқсастығы мен айырмашылығы сараланып
көрсетілген. «Блог» ұғымының интернет-журналистикада алатын орны туралы авторлар анық
түсініктеме берген. Мультимедиалық журналистиканың деңгейлерін анықтап, «мультимедиалық
журналист кім?» деген сауалға жауап тапқан. Авторлар мультимедиалық өнімге не жататынын, оның
техникалық ерекшелігін нақты көрсеткен. Сонымен қатар инфографика, подкастинг, блогкастингтің
алатын ролі туралы толыққанды ақпарат келтірген. Авторлар мультимедиалық журналистиканы
ақпараттық технологиялар дəуірінің басты нышаны ретінде бейнелеген. Мақала интернет-
журналистиканың негізгі қағидаларына сүйеніп жазылған.