Abstract:
Романтизмге қатысты мəселелер, оның жаратылысы, романтикалық жанрлардың даму барысындағы
жіктелуі, жекелей романтикалық шығармалардың поэтикалық жүйесін зерттеу қазіргі қазақ
əдебиеттануында ерекше көзге түсіп отыр. ХХ ғасыр əдебиеттануында көркемдік əдіс ретінде
романтизм деген «толыққанды» ұғым қалыптасты. Романтизм тарихи үрдіспен қалыптасқан, аса
күрделі əдеби құбылыс бола отыра, тамыры терең типологиялық зерттеулермен тығыз байланысты,
қазақ прозасында романтизм еуропалық контекст арқылы анықталуда, анығырақ айтатын болсақ, əлем
əдебиетіндегі жаңашылдықты, дамуды, əртүрлі романтизм түрлерін, əдеби дамудың алдыңғы жəне
кейінгі кезеңдеріндегі арақатынасын ескеретін тарихы үдерісте зерттеліп келеді.