Abstract:
Мақалада корпоративтік құрылымдардың шоғырландырылған қаржылық есеп беруінің халықаралық
стандарттарына (ҚЕХС) шолу жасалған, яғни олардың ерекшеліктері, негізгі мақсаттары мен
талаптары қарастырылған. Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құруды түсінетін басты
стандарттардың бірі ҚЕХС (IFRS) 3 — «Бизнес бірлестіктері» стандартының мақсаты бизнесті
біріктіруді жəне оның нəтижелері жөнінде есеп беруші ұйым қаржылық есептілігінде беретін
ақпараттың салғастырымдылығын, сенімділігін жəне салыстыру мүмкіндігін жақсарту болып
табылатыны ашылып көрсетілген. Сонымен қатар 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа
енгізілген ҚЕХС (IFRS) 10 — «Шоғырландырылған қаржы есептілігі» стандартының бұрын
қолданыста болған ҚЕХС (IAS) 27 — «Шоғырландырылған жəне жеке қаржы есептілігі»
стандартымен басты айырмашылықтары мен талаптары талданған. Бұл стандарттың басты мақсаты
кəсіпорын бір немесе бірнеше басқадай кəсіпорынды бақылаған жағдайда шоғырландырылған
қаржылық есептілікті дайындау жəне ұсыну ұстанымдарын анықтау болып табылатыны ашылып
көрсетілген. Шоғырландырылған қаржылық есеп беруде пайдалылатын тағы бір стандарт ҚЕХС (IAS)
28 — «Қауымдасқан ұйымдарға жəне бірлескен кəсіпорындарға салынған инвестициялар»
стандарттының басты мақсаты қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестиция есептілігін жəне
қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен кəсіпорындарға салынған инвестиция есептілігін даярлағанда
үлестік əдісті қолдануға қойылатын талаптарды беретіні көрсетілген.