Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасының кеңестік дəуірден кейін жаппай өндірістің құлдырауы тəн
шағын қалаларын ұлттық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту жағдайында жаңа
экономикалық бағытта дамыту мақсатында қала брендингін құру мəселесі Ақтөбе облысы Қандыағаш
қаласы мысалында қарастырылды. Қазақстанның барлық шағын қалаларына тəн ортақ экономикалық
дамудың негізгі мəселелеріне талдау жасалды. Қандыағаш қаласы өнеркəсіп, агроөнеркəсіп, логистика
жəне қызмет көрсетудің Батыс Қазақстандағы еңбектің динамикалық өсу қарқынымен жəне халықтың
ауқатты өмір сүруінің жоғарғы деңгейімен ерекшеленетін дамушы орталығы ретінде сипатталды.
Мақалада қала брендингінің теориялық сұрақтары, Қандыағаш қаласына SWOT-талдау жүргізілді,
соның нəтижесінде қаланы брендтеуге болатын стратегиялық салалар айқындалды. Қазақстандағы
өнеркəсіптік жəне көлік орталығы болып табылатын Қандыағаш қаласын брендтеу жолдары,
мəселелері мен мүмкіншіліктері талданды. Аталмыш мақаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің
ғылыми абстракция əдісі, экономикалық талдау, синтез, статистикалық, макроэкономикалық жəне
салыстыру əдістері қолданылды. Ғылыми мақаладағы негізгі қорытындылар мен ұсыныстар өңірлерді
дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдарына жəне «Өңірлерді дамыту»,
«Моноқалаларды дамытудың 2012–2020 жылдарға арналған бағдарламасы», басқа да шағын қалалар,
моноқалалар, агломерацияларды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға негізделген.