Abstract:
Мақалада Қарағанды өңірінің əлеуметтік-экономикалық дамуына аумақтық маркетингтік зерттеу
жүргізілген. Ресей ғалымдарының өңірлік маркетинг түсінігіне берген анықтамалары ұсынылып,
аумақ маркетингі түсінігі, оның функциялары мен ерекшеліктері қарастырылған. Аумақтық маркетинг
субъектілерінің ішкі жəне сыртқы деңгейлеріне сипаттама берілген. Жалпы маркетинг құралдарының
құрамы жəне аумақтық маркетинг құралдары анықталған. Аумақтық маркетингтің құралдары –
индикаторлар, индекстер, рейтингтер талданған. Аумақтардың экономикалық дамуы жəне
экономикалық реформаларды жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан аумақтарына
қысқаша сипаттама берілген. Қазақстанның əрбір өңірі өзіне тəн табиғи ресурстарға, олардың
қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына,
экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Əрбір өңір, бiрiншiден, мемлекеттің
шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп, бүтін
экономикалық бірлік құрайтындықтан, аудандарға жалпы өңірлік өнім бойынша талдау жасалған.
Қалыптасқан көрсеткіштер негізінде Қарағанды өңірінің дамуының оң жəне теріс тараптары, оның
даму үрдістері анықталған. Аумақтық маркетингік зерттеу өңірлердің даму үрдістері туралы
индикаторларды, индекстерді жəне рейтингтерді талдауды көздейді. Солардың негізінде өңірлердің
дамуындағы оң жəне теріс үрдістерді анықтап, оның даму бағыттарын зерттеуге мүмкіндік береді.