Abstract:
Бүкілəлемдік туристік ұйым зерттеулері Қазақстанда туризмнің неғұрлым əлеуетті түрлері ретінде
анықталған табиғи жəне экологиялық туризмнің өсіп келе жатқан танымалдығын атап өтті. Мақалада
экологиялық туризмге қызығушылықтың арту себептері қарастырылды жəне қызығушылықтың
өсуінің негізгі уəждемелері терең зерделенді. Авторлар табиғи жəне экологиялық туризмге анықтама
беріп, олардың арасындағы айырмашылықтарды тиянақтады. Мақалада экотуризмнің мақсатты тобы
ретінде анықталған Германияның тұрғындары сипатталды, туристер түрлерінің сипаттамалары
олардың қажеттіліктерін анықтаумен қатар берілді. Германияның туристік нарығын дамытудың
ерекшеліктері атап өтілді, ол ақпарат қазақстандық туристік қызметтерді орналастыру жəне
қазақстандық туристік ұсынысқа адалдығын қалыптастыру кезінде қажет болады. Авторлар неміс эко-
туристерінің əлеуметтік-демографиялық сипаттамаларын сандық бағалауға мүмкіндік беретін негізгі
критерийлерді анықтады. Ресми статистикалық деректер, сондай-ақ бұрын шетелдік ғалымдар
жүргізген зерттеулер негізінде авторлармен Германия, Австрия жəне Швейцария мемлекеттеріндегі
экологиялық туризмнің нарықтық əлеуеті, сондай-ақ туристердің келу болжамы есептелді. Қарағанды
облысының Ақтоғай ауданында экотуризмді ұйымдастырудың нақты мысалы негізінде авторлар кіру
туризмін қалыптастыру үдерісін жылдамдатуға ықпал етуші туризмді дамытумен айналысатын
мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке құрылымдардың өзара əрекеттесуін қарастырды.