Abstract:
Мақалада электрондық сауданың жалпылама теориялық негіздері қарастырылған. Əлемдік тəжірибе
негізінде елдің инновациялық бағытындағы ақпараттық технологиялар саласын дамытуға ерекше мəн
берілген. Ақпараттық технологиялар нарығының кəсіпкерлікті дамыту мен өркендету мəселесіне
сараптамалық талдау жасалған. Авторлар шет елдердегі электрондық сауданың дамыту тəжірибелерін
зерттеп, халықаралық ұйымдардың қызметін қарастырған, əртүрлі елдердің авторларының берген
анықтамаларын сипаттаған жəне түсініктемелер берген. «Электрондық сауда» ұғымы үш бағытта
зерттелген: қызмет, мəмілелердің жиынтығы жəне технологиялық категория түрінде. Электрондық
сауда сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді өткізуге бағытталған
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүргізілетіндігі дəлелденген. Электрондық сауданы
жүргізу барысында қолданылатын мəмілелердің жиынтығы топтастырылған. Электронды құжатпен
алмасу, электронды капиталдың қозғалысы, электрондық ақша, электрондық маркетинг, электрондық
банкинг жəне электронды сақтандыру қызметтерін жүзеге асырудағы электрондық сауданың мəні
ашылған. Электрондық сауда тұжырымдамасының даму тарихы қарастырылған. Сонымен қатар
авторлар Қазақстан Республикасындағы электронды сауданың даму кезеңдеріне қысқаша шолу жасап,
электрондық коммерция орталығының негізгі қызмет бағыттарына тоқталған. Сонымен қатар
электрондық сауда саласында қалыптасқан кемшіліктер мен артықшылықтардың шарттары мен
ұйымдастырылу тетіктері жан-жақты сараланған.