Abstract:
Мақалада латын графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіруге байланысты түркі тілдес халықтар
тəжірибесіне қатысты пікірлерге талдау жасалып, латын графикасына негізделген жаңа əліпби
жобалары қарастырылды. Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ əліпбиінің ғалымдар,
тілтанушылар, журналистер жəне жалпы қоғам мүшелерінің талқылауға ұсынылған жобалары беріліп,
əліпби нұсқаларындағы кейбір таңбалардың қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Жаңа əліпбиге
көшу барысында болатын қазақ фонетикасының өзіне тəн заңдылықтарындағы ұтымды тұстары
ғалымдар пікірлері арқылы дəлелденген. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне байланысты
емледе қиындық туғызатын мəселелерге қатысты ұсыныстар жасалды.