Abstract:
Бүгінгі күні еліміз бұрын болмаған саяси жəне экономикалық жүйені түбірімен қайта құруда өз
тарихында күрделі кезеңді бастан кешуде. Оның куəсі қазіргі уақытта экономикалық қайта құрудың
нақтылы нəтижелеріне қолжеткізіліп, іс жүзінде өндірісті реттеудің нарықтық тетігі қалыптасып,
тауарлық жетіспеушілік құрдымға кетіп, сыртқы саудадағы оңтайлы сальто тұрақты қамтамасыз
етілді. Дегенмен, өкінішке орай, осы нарықтық шаруашылықты қалыптастыру өмірге бірқатар
жағымсыз құбылыстар мен процестерді ала келді. Олардың бірі — елдің экономикасына үнемі кері
əсерін тигізіп отырған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикалық қызмет. Экономика
саласындағы қылмыстылықтың көптеген себептерінің ішінде сыбайлас жемқорлық та бар екендігі
бізге мəлім. Оның көптеген анықтамалары бар. Дегенмен, осы анықтамалардың тоғысатын жері,
билеуші элитаның өз билігін немесе байлығын жоғарылату үшін мемлекеттік ресурстарды жағымсыз
жағдайда пайдалануы. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар лауазымды тұлғалардың қызметтік
мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, қылмыстық ниеттерін іске асыруынан көрінеді. Өкінішке орай,
осы кеден саласындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ішінде сыбайлас жемқорлыққа
байланыстары бар тұлғалар да қызмет істейді. Бұл жұмыста қарастырылған шетелдердің мемлекеттік
қызметкерлерінің, оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ олармен аралас
қызметтегілердің сыбайлас жемқорлық фактілері үшін жауапкершілігін реттеудегі тəжірибесі
алуантүрлі, көбінесе қарама-қайшы жəне құбылмалы, бірақ назар аударуға тұрарлық. Дегенмен,
қарастырылған шетелдік нормалар сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл мəселелерін
шешумен байланысты отандық нормашығармашылық қызметте пайдалы болуы мүмкін.