Abstract:
Мақалада спорттың жекпе-жек түрлерінде күш қасиеттерін, координаталық қабілеттіліктерді,
буырқанды сезімдік тұрақтылықты жетілдірудің əдістері мен амал-тəсілдері жайлы ақпарат берілген.
Авторлар спорттық жекпе-жек түрлерінде ақпараттық технологияларды қолдану негізінде жетілдіру
əдістемесі жайлы психологиялық-педагогикалық əдебиеттерге талдау жасаған. Спорттық жекпе-жек
түрлерінде өнер көрсететін маманданушы-спортшылардың координаттық қабілеттіліктерінің
құрылымы ашып көрсетілген. Жекпе-жек түрлерімен айналысушы спортшылардың жеке тұлғасының
психофизиологиялық ерекшеліктері тартымды сипатталған. Жекпе-жек спорт түрлері бойынша
оқытушы-бапкерлердің көмегі арқылы оқу-əдістемелік жұмыстарға байланысты іс-құжаттарды ретке
келтіруден бастап, ғылыми жаңалықтар мен ақпараттарды алуға, оны өңдеуге жəне енгізуге дейін
орындалған жұмыстар ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде білім алушылардың дене
тəрбиесінің əдістемесі жетілдірілді.