Abstract:
Мақалада Мұхит Мералиев пен Ғарифолла Құрманғалиевтың мектебіндегі оқыту əдістемесінің өзіндік
ерекшеліктері қарастырылған. Мұхит пен Ғарифолланың шығармашылықтарында музыкалық-
ақындық формалар мен жанрлар, сонымен қатар оны композитор, ақын, орындаушы ретінде
танытатын жеке жаңашылдық ізденістер кездесетіндігі талданды. Басты мақсат мақаладағы
музыкалық-ақындық көркем шығарманың түрлі құралдарының пайда болу тарихына, сондай-ақ
құрылымдық ұйымдастырудың əртүрлі деңгейдегі өлең, вокал, домбыра бастамаларының дамуына
бағытталған. Мұхит пен Ғарифолланың Батыс Қазақстандағы əн өнері мектебіне ерекше еңбек сіңіріп,
көптеген бағалы жұмыстар қалдырған шығармалары келтірілген. Негізгі үш компонентке: ақындық
мазмұн, əуенділік жəне домбыра партияларының бір-бірін толықтыруына бағытталған
шығармашылықтың құралдары көрсетілген. Мұндай үшбірліктік Батыс Қазақстан аймағының əн-
аспаптарының тұтастығы туралы айтады. Музыкалық білім берудің негізгі қағидалары мазмұндалған.
Негізгі бағыт музыкалық қызметтің əр түрлерін оқыту əдістемесі мен негізгі əдістемелік жүйелерін
қамтыған.