Abstract:
Мақалада Кеңес өкіметінің Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30–40 жж. дінге қатысты ұстанған саясаты
қарастырылды. Діни ұйымдарға қатысты большевизмнің негізгі идеологтарының көзқарасы негізінде
Кеңес өкіметі орнаған тұстағы дінге көзқарастың өзгеруі талданды. Орталықта қабылданған
заңнамалық-құқықтық актілердің Қазақстанға əсері, нұсқаулардың орындалуы, діни саясатты
жүргізудегі асыра сілтеу əрекеттері қазақстандық мысал негізінде жазылды. Қазақстандағы дінге
қатысты саясаттың өзгеруі, репрессия жылдарындағы діни ұйымдар, діндарлардың ахуалы мен Екінші
дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейінгі мемлекеттің дінге қатысты саясатын өзгертуге мəжбүр еткен
жағдайлар талданды. Отандық жəне шетелдік авторлардың зерттеулеріне қорытынды жасалды. КСРО
аумағындағы діни ұйымдардың қызметін тоқтатудағы жіберілген өрескел қателердің, посткеңестік
кезеңдегі елдердің, оның ішінде Қазақстан аумағындағы салдарымен байланыстырылды.