Abstract:
Авторлар психологиялық саулық мəселесін ғылыми тұрғыда қарастыра келіп, мектеп мұғалімдері өздерінің психикалық күйі мен психологиялық жағдайына мəн беріп жүруі педагогикалық үдерісті педагогикалық талапқа сай жүргізудің бірден бір шарты деп қарастырады. Мақала жазу барысында «денсаулық», «психологиялық саулық», «психикалық саулық» ұғымдарының ара жігін ашып көрсетеді. Психологиялық саулық мəселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, тұлғаның психологиялық саулығын сипаттайтын белгілерге тоқталады. Сондай-ақ психологиялық саулық түсінігін биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік дамудың бірлігі ретінде қарастырады.
Мұғалімнің психологиялық саулығын бұзатын факторлар кəсіби жойылу, кəсіби деструкция деп қарастырып, талдап көрсетті. Мектеп мұғалімдерінің психологиялық саулығын сақтау шараларын жүйелеп ұсынды. Сондай-ақ психологиялық саулықты сақтаудың бірден бір жолы «өзіндік сана» деген қорытындыға келді.