Abstract:
Ұлттық дəстүрлердің көркем мəдениеті жəне өнер тарихы дəстүрлері арқылы студенттердің
шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдірудің маңызы қарастырылған. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ өнер мамандарының шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіруге қатысты өнердегі дəстүр сабақтастығы, қазіргі заманғы түбі бір, діні, ділі бір халықтардың көркемөнер мəдениеті ғылыми-өнертанымдық тұрғысынан зерттелген. Студенттердің түркітектес халықтар мəдениеті жəне өнері
негізінде өнертанымдық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған байланыстардың маңыздылығы айқындалған. Бұл бағыттағы оқытушылар мен студенттердің өнерді оқыту саласындағы қазіргі мүмкіндіктерінің оқу үдерісінде толық ашылуы əдістемесі сарапталған. Өнерді оқыту əдістемесі мен
оқу бағдарламаларының сəйкес келуі жəне түркітілдес халықтары мемлекеттерінің өнер тарихын оқытуда оқу жоспарын жақындастыру, бірыңғай ету жайлы жолдары ұсынылған.