Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамытудың мəселелері мен ерекшеліктері
қарастырылған. Авторлармен шет елдердегі ішкі туризмді дамытудың тəжірибесі зерттеліп,
статистикалық мəліметтер талданды, туризмнің ішкі нарығының əртүрлі сипаттамалары анықталып,
берілген нарықтың əлсіз жақтарының негізінде жатқан факторлар зерделенді. Авторлармен туризмнің
ішкі нарығын дамытудың негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктері талданды жəне Қазақстанда
дамытуға болатын ішкі туризмнің неғұрлым тартымды түрлері қарастырылды. Ел экономикасы үшін
ішкі туризмді дамытудың маңызы айқындалды. Оның ішінде Қазақстан экономикасы үшін ішкі
туризмге басымдылық берудің шарттарына, көліктік инфрақұрылымды дамытуға, жекелей айтқанда,
темір жолдар мен əуе байланыстарының дамуына жəне оның ішкі туризмді дамытудағы орнына
ерекше көңіл бөлінді. Авторлар мемлекет тұрғындарына тəн қоғамдық құндылықтарды ескере
отырып, отандық туристердің, сонымен бірге халықаралық саяхаттаушылардың негізгі сапар шегу
уəждемелерін талдады. Ішкі туризмге сұрынысты жоғарылатуға кедергі болатын факторлар
зерделеніп бағаланды. Авторлармен ішкі нарықтың даму деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар
берілді. Отбасылық, оқиғалық жəне тағы басқа əлеуетті туризм түрлерінің даму мүмкіндігі мен
басымдылықтары зерттелді.