Abstract:
Мақалада қоршаған қанықпаған полиэфирлі шайырлар мен қанықпаған карбон қышқылдары
негізіндегі гидрогельдердің құрамдық мəліметтері жəне құрылымы электронды-расторлық микроскоп
арқылы зерттеліп, оның торлы құрылымды жəне металл бөлшектерін орнықтыруда «нанореактор»
болатыны дəлелденген. Орта факторларының, атап айтқанда, температура мен ортаның рН мəні жəне
еріткіштердің полиэтилен-(пропилен)гликольмалеинат негізіндегі жаңа металл-полимерлі
комплекстерге əсері жан-жақты қарастырылды. Жүргізілген тəжірибелер металл-полимерлі
комплекстердің ісіну дəрежесіне температураның əсері мардымсыз екенін көрсетті. Аталған
комплекстердің сілтілік ортада ісіну дəрежесінің жоғары мəнге ие болып, еріткіштердің полярлығы
жоғарлаған сайын ісіну дəрежесі де артатындығы байқалды. Сілтілік ортада металл-полимерлі
комплекстердің ісіну дəрежесінің өскені электркаталитикалық гидрлеу үрдісінде оңтайлы əсер етеді,
себебі комплекстің ісіну қабілетінің жоғарлауымен субстраттың катализаторға қолжетімділігі де
өседі. Диэлектрлік өтімділік пен полимерлердің ісіну дəрежелері арасында, нақтырақ айтқанда, орта
полярлы ерітінділерден пиридинге қарай корреляция байқалады. Алайда ісіну дəрежесінің
төмендеуінің байқалмайтындығы көрінді.