Abstract:
Мақалада «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Қазақстан
Республикасы Педагог-қызметкерлерінің үшінші (базалық) деңгейі жəне «Тиімді оқыту» біліктілікті
арттыру бағдарламалары бойынша курстан өткен сертификатталған мұғалімдерге курстан кейінгі
əдістемелік қолдау көрсету тəсілдері берілген. Үдерістің жүйелілігіне бағытталған курстан кейінгі
компоненттер қарастырылды: кəсіби дамудың басымдылықтары мен мақсаттарын зерделеу,
тəжірибені бақылау, проблемалық аймақтарды анықтау, мұғалімнің практикасында өзгеру үрдістері
туралы рефлексия, жоспарлауды сүйемелдеу, анықталған кəсіби қиындықтарды еңсеру бойынша
əдістемелік қызмет үшін ұсыныстар енгізу жəне сертификатталған мұғалімдерді оқыту мен оқуда
табысты тəжірибесін танымал ету. Сертификатталған мұғалімдердің сабағын бақылаудың таратылған
нəтижесі жəне одан əрі кəсіби дамыту мен болашағын анықтау мақсатында бірлескен тəжірибесіне
талдау жасалған. Мұғалім тəжірибесі дамуының үздіксіздігін қамтамасыз ететін жəне педагогтың
тəжірибесін табысты таратудың мүмкіндік бағыттары сипатталған. Мақалада ұсынылған тəсілдер
сертификатталған мұғалімдердің кəсіби дамуын орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында
курстан кейінгі қолдаудың жүйелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.